Ақтауда шетелдік азаматтан есірткі заты табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 наурыз күні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде шетелдік азаматша ұсталып, тексеру барысында одан 30 грамм мефедрон тәркіленген. Сондай-ақ оның ұялы телефондары заттай дәлел ретінде алынған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
