Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар бірін-бірі талдырып, ойнап жүргені анықталды. Бұл оқиға 18 сәуір күні орын алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, оқиға кезінде жасөспірім қыздар 7-сынып оқушысының өкпе тұсын қысып, ойнап жүрген. Бірақ бұл “ойынның” арты ауыр жағдайға әкеп соққан.
"Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады.
Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды", - делінген Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарламасында.