Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.
ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда
сенім телефоны: 8/7292/319099 жұмыс істеуде.