Іс-шараны Маңғыстау облыстық әкімдігі, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен Халықаралық және Қазақстандық Шахмат федерациялары ұйымдастырса, бас серіктес және демеуші «Freedom Holding Corp» компаниясы, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
World Schools Team Championship ашылуының салтанатты рәсімі 4 тамызда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғимаратында болды. Турнир 8 тамызға дейін «Halyk Arena»кешенінде өтеді. Турнирге чемпионаттың ресми сайтында ұсынылған күн сайынғы кестеге сәйкес қатысуға болады: https://wstcc2023.fide.com/.
Ашылу салтанаты аясында қатысушыларды халықаралық шахмат федерациясының (fide) президенті Аркадий Дворкович құттықтады.
- Сіздер өз елдеріңіздің жеңімпаздары мен нағыз жұлдыздарысыз және көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер, әлемнің түкпір-түкпірінен Каспий теңізінің жағасына халықаралық жарыста кездесулеріңіз соның дәлелі. Біз осы чемпионатты ұйымдастырғаны үшін барша Қазақстанға, ҚР шахмат федерациясына, Маңғыстау облысының әкімдігіне және «Freedom Finanсе» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Бұл жарыста сіздер әртүрлі континенттерден келген достар тауып қана қоймай, үйлеріңізге бақытты сәттерге толы жылы естеліктермен қайтатыныңызға сенімдіміз. Алдағы уақытта да сіздер өз елдеріңіздің намысы үшін шахмат ойнап, әртүрлі жарыстарда өнер көрсететініңізге сенімдімін. Бірнеше ай бұрын осында әлемнің 50-нен спортшы жинаймыз дегенде, бұл миссияны жүзеге асыру мүмкін емес деп ойладық, алайда бірігіп мүмкін еместі жүзеге асырдық. Мен сіздерге әрдайым мүмкін емес биік болып көрінетін арманның барлығы қол жеткізуге тілектеспін. Сәуір айында біз Астанада шахматтан әлем чемпионатын өткіздік. Бұл оқиға Қазақстанды шахмат астаналарының біріне айналдырды. Бізге сенген және бірге жұмыс істегендердің барлығына алғыс айтамын. Қазақстанда қазір шахматтың «бумы» деп есептеймін. FIDE-нің мақсаты да осы, әлемнің әр елінде шахматқа деген қызығушылықты арттыру, оны жүзеге асыру оңай емес, алайда мүмкін емес ештеңе жоқ екеніне сенемін, - деді Аркадий Дворкович.
Чемпионат екі жас категориясында өтеді. 12 жасқа дейінгі санат және 18 жасқа дейінгі санат. Жарысқа 53 елден 400-ге жуық оқушы қатысады. Қатысушылардың ішіндегі ең алыс елдерден келген оқушылар Парагвай, Перу, Мадагаскардан елдерінен. Бұл жарыс әлемнің төрт бұрышындағы континеттерден жиналған қатысушыларға ерекше достық жағдайында бәсекелестік пен мәдени тәжірибе алмасу үшін үлкен алаң болмақ.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрловтың пікірінше, еліміздің шахмат спортынан әлеуеті зор.
- Бүгін біз Каспий теңізінің жағалауындамыз. Бұл жарыс ірі қазақстандық шахмат турнирлерінің орталықтары – Астана мен Алматыда емес, Ақтауда өтіп отыр. Чемпионатты өткізу барысы, біздің зияткерлік ұлт қалыптастыру, адами әлеуетті нығайту және білімді ілгерілету жөніндегі еліміздің стратегиялық міндеттеріне толық сәйкес келеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда шахмат мектептерінің рөлі орасан. Бүгін басталған турнир жоғары деңгейде, жақсы көңіл-күйде өтетініне күмәнім жоқ. Оқушылар арасындағы бәсекелестік рухы, шахмат тақтасындағы керемет ойынды қамтамасыз ететініне сенімдімін, - деді Тимур Турлов.
Қазақстанның алты қаласынан келген он мектептің оқушылары, чемпионатта еліміздің атынан өнер көрсетпек. Себебі балалар жоғары деңгейлі ойын көрсету үшін жарысқа ұзақ дайындалған.
Қазақстан чемпионатқа қатысушылар тізімі:
* It мектеп-лицейі, Ақтау;
*Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ақтау;
* М. Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейі, Алматы;
* Республикалық физика-математика мектебі, Алматы;
* Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы;
* №72 мектеп-лицейі, Астана;
* Республикалық физика-математика мектебі, Астана;
* «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернаты, Атырау;
* Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей, Павлодар;
* О. Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейі, Шымкент.
Шарада Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев турнир жоғары деңгейде өтетініне және чемпионатқа қатысушылар өз талантын толық көрсетіп, үздік нәтижелерін көрсететініне сенімін білдірді.
- Маңғыстауда осындай ауқымды әлемдік деңгейдегі шараны өткізу жас ұрпақ үшін шахматпен айналысуға және үлкен жетістіктерге жетуге тамаша шабыт берері сөзсіз. Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстандағы шахмат жылдам дамуда. Бүгінгі өтіп отырған іс-шара да президент тапсырмасының қалтқысыз орындалып жатқанының дәлелі. Турнирді бүкіл әлем бойынша мыңдаған бала тамашалайды. Бүгін әлемнің төрт құрлығынан жиналған оқушылар, өз мектептері мен елдерінің намысын абыроймен қорғау үшін Каспий жағалауына жиналды. Болашақта бұл таланттар үлкен белестерді бағындырып, чемпион болатынына сенімдімін. Сондай - ақ жаттықтырушылар мен ата-аналардың еңбегін атап өткен жөн, өйткені әрбір жеңістің артында олардың еңбегі тұр, - деді Нұрлан Ноғаев.
Ресми бөлімнен кейін, қатысушылар мен қонақтар үшін, чемпионатты одан әрі қызықты ете түсетін бай экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Жарыста символдық бірінші қадамды 18 жасқа дейінгі санатта Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ал 12 жасқа дейінгі санатта Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов орындады. Ресми бөлімнен басқа, қатысушылар мен қонақтар үшін бұл чемпионатты одан әрі қызық әрі есте қалаларлық ету үшін, бай экскурсиялық-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған.
Ақтау тарихындағы шахматтан алғашқы әлем чемпионаты барлық шахмат әуесқойлары үшін ерекше мереке және әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас оқушыларға өз дағдыларын көрсетуге, әрі достастық атмосферасында ләззат алуға және жаңа достар табуға мүмкіндік бермек.