Ақтауда адамдар мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Ақтауда адамдар мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
lada.kz

Ақтауда 30 тамызда кешке Каспий теңізінде серуендеуге шыққан катер жартасқа соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабар 22:56-да түскен. Катер 5А шағынауданы маңында жартасқа соғылған. Оның бортында жеті адам болған.

Құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, дәрігерлерге тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша тағы екі адам құтқару кеудешесін кимеген. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде олардың сүйегі жағадан шамамен 500 метр жерден, судан шығарылған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.