Қазақстанның батысындағы "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясының президенті ұсталғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы "ҚазАқпарат" өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Қазіргі уақытта порт басшысы тергеу изоляторында отыр. Басылымда өзге мәліметтер нақтыланбаған.
Порттың баспасөз қызметі бұл дерекке әлі жауап берменен.
Ресми сайттағы деректерге сүйенсек, қазіргі президент бұл лауазымға 2017 жылы тағайындалған.
Orda.kz мәліметтерінше, әңгіме "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" президенті Абай Түрікпенбаев туралы болып отыр. Тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр.
Ақтау теңіз сауда порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында, халықаралық көлік дәліздерінің тоғысқан тұсында орналасқан. Порт Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан елдерімен бағытталған тасымалды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Түрікменстанмен де жүк айналымы бар. Кәсіпорын жыл бойы тәулік бойы жұмыс істейді.