Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев апаттық орынға барып, жағдайды бақылауда ұстауда. Сондай-ақ, оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевта барып коммуналдық мекеме басшыларымен және уәкілетті орган өкілдерімен жедел жиналыс өткізді.
- Құрметті тұрғындар ақау болған жер анықталып, екі жақтан ысырмалар(задвижка) жабылып, қысымы азайтылды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев осы жерге өзі келіп, коммуналдық қызметкерлермен жиналыс өткізіп, тапсырмасын берді.
Аталған жиналыста осы ақауды реттеу мәселесімен қатар, болашақта да қандай жұмыстарды жасайтынымызды, яғни тез арада шұғыл қолға алатын шараларды талқыладық. Барлық техникалар жұмылдырылды. Қазір құбырларды алып келіп, осы жерде ауыстыру мәселесін қарап, арнайы жоспар бекітілді, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.
[video width="480" height="640" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/12/VID-20231210-WA0056.mp4"][/video]