Қызылағаш жұрты тілсіз жаудың зардабын бір кісідей тартқан тартқаны белгілі. Сондықтан ақсулықтар Мақтаарал ауданындағы халықтың жағдайын жақсы түсінеді. Енді Ақсу халқы қиын сәтте қол ұшын созуда.
бір жарым тонна ұн, 500 келі қант, макарон өнімдері, өсімдік майы, бұдан бөлек тұрмысқа қажетті заттар жүк көлігіне тиеліп, жолға шықты.
Қажетті тауарға жалпы сомасы 1,5 млн теңге қаржы жұмсалған. Аталған қаражатты ақсулық ағайын үш күннің ішінде жинаған.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.