Freedom Inside '26

Ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

Ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты
Unitel

Боливияда ақша тасымалдаған әскери ұшақ апатқа ұшырауы салдарынан шамамен 20 адам қаза тауып, тағы 20-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Марсела Флорес мәлімдеді.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігінің жағдайы ауыр. Министр тұрғындарды жараланғандарға көмек көрсету үшін қан тапсыруға шақырды.

Жұма күні Боливия әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Эль-Альто қаласындағы қозғалысы қарқынды автожолға құлаған. Сегіз экипаж мүшесінің алтауы аман қалған, бір адам із-түзсіз жоғалған деп хабарланды.