АҚШ-тың бомбалаушы ұшақтары Солтүстік Кореяға жақындады

Dalanews 24 қыр. 2017 06:43 775




АҚШ әскери әуе күштерінің стратегиялық бомбылаушы ұшақтары Пентагонның әскери күш қолдана алатынын көрсету үшін Солтүстік Корея жағалауларына жақын барды. Бұл туралы baq.kz-ке сілтеме жасап, dalanews.kz сайты хабарлайды. 



АҚШ қарулы күштерінің B-1B Lancer стратегиялық реактивті бомбылаушы ұшағы жойғыш ұшақтардың қорғауында Солтүстік Кореяның шығыс жағындағы халықаралық кеңістікпен ұшып өтті. Ондағы мақсат президент Дональд Трамптың Пхеньянмен мәселені әскери жолмен шешу мүмкіндігі бар екенін көрсету болған.
Пентагонның баспасөз хатшысы Дана Уайттың айтуынша, бұл американ әскери ұшақтарының 21 ғасырда аталған аймақтағы бейтарап зонаға ең ішкерілей кіруі.
«Бұл КХДР-дің ақылға сыйымсыз әрекеттерін біз бей-жай қалдырмайтынымызды білдіреді. Бұл миссия - АҚШ-тың қатаң қимылдарға баруға дайын екенін және президенттің қолында кез келген қауіпті жоюдың көптеген варианттары бар екенін көрсететін айқын белгі» деді ол.

Дана Уайт сонымен қатар Солтүстік Кореяның қару-жарақ бағдарламасын халықаралық қауымдастыққа төнген қатер деп атады.
«АҚШ-ты және оның одақтастарының территориясын қорғау үшін біз әскери мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға дайынбыз» деді Пентагон өкілі.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны құртып жібере алатыны туралы айтып, ол екі ел басшыларының бір-бірін тілдеуіне ұласқан болатын.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар