Freedom Inside '26

Ақорда Ұлттық құрылтайға қатысты маңызды ақпарат жариялады

Ақорда Ұлттық құрылтайға қатысты маңызды ақпарат жариялады
Ақорда

Ақорда Ұлттық құрылтайға қатысты маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.

"Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - деді Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда;
  • 2025 жылы – Бурабайда өтті.