Ақмола облысында жұмысшы 7 метр биіктен құлады

Ақмола облысында жұмысшы 7 метр биіктен құлады
Фото: ЖИ

Ақмола облысының Бурабай ауданында биікте жұмыс істеп жүрген монтер байланыс мұнарасынан құлап кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Halyqstan мәліметінше, ер адам жерден шамамен 5–7 метр биікте жұмыс істеген. Сол сәтте қауіпсіздік арқаны үзіліп, жұмысшы жерге құлаған.

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары келді. Дәрігерлер зардап шеккен адамның бірнеше сүйегі сынғанын анықтады.

Монтердің "Қазақтелеком" АҚ-да немесе ұялы байланыс операторларының біріне қарасты ұйымда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Ақмола облысының Еңбек инспекциясы департаменті жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиға туралы ресми хабарлама түспегенін мәлімдеді. Қазір мамандар болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Тексеру барысында қауіпсіздік арқанының неліктен үзілгені және биікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталған-сақталмағаны анықталуға тиіс.