Ақмола облысында шұжықты рубльмен бағалап сатқан дүкен жазаланды

Сағыныш Сардарова 09 жел. 2025 15:12

Ақмола облысында сапасыз өнім саудалаған кәсіпкерлер айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар, Шортанды ауданындағы дүкенде шұжық бағасы шетел валютасы, яғни рубльмен белгіленген.

"Заң бойынша сауда сөресіндегі баға тек теңгеде көрсетілуі шарт. Бұл құқықбұзушылық үшін кәсіпкерге айыппұл салынды", - деп жазылған Сауда және интеграция министрлігі хабарламасында.

2025 жылы Ақмола облысында әкімшілік жауапкершілікке 216 кәсіпкер тартылған, олардың 99-ы ескерту алған, ал 117-сі жалпы сомасы 2,2 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген.

Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында әлеуметтік маңызы бар өнімдерге сауда үстемесінің асып кетуі, шетел валютасымен тауар сату, тұтынушы бұрыштарының жоқтығы және тұтынушылардың шағымдарына заңда белгіленген мерзімде жауап бермеу бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар