Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген тың дерек жария болды

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген тың дерек жария болды
smartnews.kz коллажы

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста іс материалдарындағы бейнежазбалар зерттелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот барысында айыпталушының әйелі Ақбаян Мұқанғалиевадан жауап алынған сәт түсірілген видео да көрсетілді. Кадрларда ол өзінің аты-жөнін, туған күні мен туған жерін айтқан.

Сондай-ақ Ақбаян Мұқанғалиева орта білімі бар екенін және қазіргі уақытта жұмыс істемейтінін жеткізген. Алайда өзге сұрақтарға жауап бере алмағандықтан, тергеуші жауап алу процесін тоқтатқан.

Бұған дейін сотта Қарабалиндер отбасының төрт мүшесінің сүйегін қазып алу сәті түсірілген бейнематериалдар да көрсетілген болатын.