Freedom Inside '26

Аптап ыстықтан Астана – Павлодар тасжолы бүлінді

Аптап ыстықтан Астана – Павлодар тасжолы бүлінді
Фото: ҚазАвтоЖол

Аптап ыстықтан Астана – Павлодар тасжолының цемент-бетон жабынына зақым келді. Ақау 28 маусымда жоспарлы тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Осыдан кейін жолдың бүлінген бөлігі қоршалып, уақытша жол белгілері орнатылды.

Қазір мамандар зақымданған жабындыны алып тастап, оның орнына қиыршық тас төсеп жатыр. Кейін бұл учаскеге жаңа асфальт-бетон жабыны төселеді.