Антикордың бұрынғы орынбасары ұсталды

Dalanews 09 қаң. 2023 10:22 828

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстады», - делінген ақпаратта.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Мақсат Қожабаев 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол бұл қызметті 2022 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар