Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды

Көркем Алдабергенова 23 қаз. 2024 14:25 1711

Белгілі әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.

Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді, – делінген хабарламада.

Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.

Қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер. Азан шақырып қойылған есімі – Сивиэтта.

1987 жылы 15 қарашада Шымкент қаласында туған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар