Әнші Қайрат Нұртас көлік апатына ұшырады

Dalanews 31 қаз. 2016 05:28 381

Әнші Қайрат Нұртас жол-көлік апатын ұшырап, жарақат алып қалды.

Бұл туралы әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова соғылған көліктің суретін жүктеп, әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Қайрат тура осы көлікте көлік апатына ұшырады. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап, əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті. Бəріңіз есітіп сұрап жатыр екенсіздер, инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

pogudx5uvkar8v1vd-e4669156

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x