Әнші Бейбіт Қорған ұшақ бортында мас күйде тәртіп бұзып, сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
Әнші Алматыдан Атырауға рейс кезінде алкогольдік масаң күйде бірнеше рет дөрекі сөздер айтып, әуе компаниясының ережелеріне бағынудан бас тартқан.
Козачковтың дерегінше, ұшақ қонған соң музыкантты полиция қызметкерлеріне тапсырған. Құқық қорғаушылар оған қатысты «ұсақ бұзақылық» және «құқық қорғау органы өкілінің талабына бағынбау» баптары бойынша хаттама толтырды.
Сот шешімі:
Атырауда өткен сот отырысында Бейбіт Қорған екі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.