Аналарының жағдайы ауыр: Атырау облысында жол апаты болып, екі бала көз жұмды
Көркем Алдабергенова30 нау. 2026 15:18
Атырау облысында жол апаты болып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
26 наурыз күні Атырау облысындағы Доссор кентінде Toyota Estima мен Opel көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан үш жастағы қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Ал бес жастағы ұл бала дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан, ауруханада қайтыс болды.
Балалардың анасы ауыр жағдайда жатыр.
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқаруы мүмкін.