ӘМСҚ басшысы 1,4 миллион теңге жалақы алады

Көркем Алдабергенова 22 там. 2024 14:50 1011

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп.

"Жалақыма тоқталайын. Қолға 1 млн 400 мың теңге аламын", - деді Әбілқайыр Сқақов.

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, орынбасарлары қомақты сыйақы алмайды.

"Қордың басқарма құрамында 5 адам бар. Соңғы 3 жылда олар бонус алмады. Бұрын алмаған, қазір де алмайды. Мен және орынбасарларым бір жыл ішінде жалпы 600-700 мың теңге көлемінде ғана сыйақы алдық. Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген. Ұжым алатын сыйақы қызметкерлердің KPI-мен бекітілген", - деді қордың төрағасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар