Осы жерде журналистермен тілдескен облыс әкімі Амандық Баталов:
– Бүгін – бүкіл қазақстандықтар үшін мереке, Президент сайлауы күні. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде, соның ішінде Алматы облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Жалпы біздің Алматы облысы –халық тығыз орналасқан үлкен облыс. Бізде 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 1 406 204-і- сайлаушылар.Сондықтан облыстағы әрбір сайлаушы өзінің дұрыс таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін, – деді өз сөзінде.
Атап өтсек, Алматы облысында жалпы саны 1040 сайлау учаскесі бар.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі