Келелі кездесуде облыстық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның 4 бағыты түсіндірілді.
Білім беру – өңірді дамытудың ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан партия бұл бағытта тиісті жұмыс жоспарын құрды.
Алда бағдарлама шеңберінде кадр тапшылығы мәселелесі шешіліп, балаларды сапалы білім нәрімен сусындатуға жағдай жасалады. Ол үшін облыста үшауысымды мектептер жойылады. Қазіргі таңда олардың саны 52.
«Алматы облысында 6,7 мың оқушы орны жетіспейді. Алда Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында 68,2 мың орындық 63 білім ошағы салынады. Сонымен қатар, тозығы жеткен мектептерді де жоямыз. Мұндай 40-қа тарта нысанға жөндеу жүргізіледі», − деді жиында Билалдин Ушуров.
Кандидат білім саласындағы өзге де жоспарларды тізіп айтты.
Жаңашылдықтардың барлығы педагогтарға жағдай жасау және оқушылардың сапалы біліммен қамтылуына арналғанын жеткізді. Сонымен қатар, үміткер ұстаздармен еркін әңгімелесті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, толғандырған мәселелерін тыңдады.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында
партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді