Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз

Президент Әлихан Смайыловты жаңа қызметке тағайындады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін бұл қызметті Наталья Годунова атқарған болатын. Тоқаев бүгін Годунованы қызметінен босатты. 

Айта кетейік, дереккөздерде Смайылов Астана қаласының әкімі болып тағайындалуы мүмкін екені айтылған еді.