«Алтын белгіні» директор берсе, парақорлық күшеймей ме?

Dalanews 13 нау. 2017 11:19 1108

Бұдан былай мектеп бітіретін жас талапкер «Алтын белгіні» мектеп директорының қолынан алатын болады. Бұрын мұны Білім және ғылым министрлігі бекітіп келсе, енді бұл мәселені мектеп ұжымының өзі  шешеді. Бірақ «Алтын белгі» иегері де басқа оқушылармен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын болады. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің блогерлермен кездесуінде мәлім етілді.

– «Алтын белгіні» бұрын тест тапсырғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі өз бұйрығымен бекітетін. Енді, Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес, «Алтын белгіні» мектеп ұжымының өзі белгілейді. Былайша айтқанда, «Алтын белгіні» мектептердің ұятына қалдырдық, – деді блогерлермен кездесуде Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Бұл өзгерістер Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес қабылданып отырғаны белгілі. Алайда бұл мәселе көңілге әрі-сәрі ой қалдырып отырғанын да жасыруға болмайды. Ертең баласы «Алтын белгі» алу үшін ата-ана мектеп директорына пара ұсынып жүрмей ме? Бұл бастама ауыл арасында парақорлықтың өрістеп кетуіне жол ашпай ма?  Бұл мәселеге министрліктегі өкілдер не дейді? Көкейдегі күмәнді сауалға кездесуде  Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева айқын жауап бергендей болды.
– Жылда бізде 5 мыңға жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер ретінде тіркелетіні жасырын мәселе емес. Өткен жылы сол 5 мың оқушының 52 пайызы «Алтын белгісін» дәлелдеді. Енді бұдан былай «Алтын белгіні» бекіту құқығын мектеп ұжымына бердік. Бұрын «Алтын белгіні» Ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі министрлігі арнайы бұйрықпен бекітетін. Егер тесттен сүрінбей өтіп, білімін дәлелдей алса? Ал ендігі уақытта мектеп директоры педагогикалық кеңестің шешімімен кеңесіп, бұйрығын шығарады. Рас, биыл «Алтын белгі» иегерлері күрт көбейеді деген қауесет бар. Бірақ, мына бір жайтты қаперде ұстаңыздар. Өйткені, осыған дейін «Алтын белгіні» алған бала Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылатын. Енді «Алтын белгі» мектептіңрейтингісіне де әсеретеалмайды. Бірақ, «Алтын белгі» иегері мен басқаоқушыныңтестідегі балы бірдейболса, грант «Алтын белгіге» беріледі. Рас, шетелдердіңкөбінде «Алтын белгі» дегенжоқ. Шынынайтсақ, бұлкеңесөкіметіненқалғанбелгі. Бүгінгікүнібалаларға мотивация берудіңбірденбіржолы – «Алтын белгі, – деді өз сөзінде Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

…Мектепте он бір жыл білім алған бала кілең бестікпен оқыды делік.Әрине, ол «Алтын белгі»  алуға құқылы. Бірақ беске жетпей қалғандар да кездесіп қалады ғой. Олар қайтпек? Жемқорлық деген жегі құрт тағы мектептің дәлізін аралап кетпей ме? Біздің алаңдайтынымыз осы.

Еркін ҚАЛДАН.

Дереккөзі: «Айқын» газеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар