«Алты адам зардап шекті»: Боралдайда автобус пен пойыз соқтығысты

Dalanews 30 нау. 2026 23:31

Алматы–Боралдай бағытындағы теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Апат Боралдай мен Шамалған станциялары арасындағы өткелде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көмір тиеген пойыз өз бағытымен келе жатқан, ал автобус жүргізушісі жол бермей, соқтығысқа жол берген.

Алты жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Алматы облысының полициясы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove