Алтайда көпір опырылды

Dalanews 26 қыр. 2024 21:05 2800

Облыстық маңызы бар Октябрь – Алтайка – Новохайрузовка автожолының Алтай ауданындағы 48-50 шақырымында апатты көпір құлады, деп хабарлайды Dalanews. kz Altainews.kz.- ке сілтеме жасап.

Көпір 1960 жылы салынған. Көпірдің астында екі бос аралық бар. Куәгерлердің айтуынша, аралықтардың бірінде тірек боп тұрған қопсыған ескі бөлігі құлаған. Осыған байланысты жол қозғалысы қазір жабық. «Облшығысжол» ЖШС айналма жолды салуға кірісті.

Жағдай облыс әкімдігі мен ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар