Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жолды шамамен 200 шақырымға қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа жол жобасы әзірге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көлік министрлігі мәліметінше, қазір мемлекеттік ресурстар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін басым жол және инфрақұрылым жобаларына бағытталып жатыр. Сондықтан қаржы және институционалдық ресурстар бірінші кезектегі жобаларға жұмсалады.
2026-2030 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарағанды - Жезқазған, Орталық - Батыс, Ақтөбе - Ұлғайсын, Қызылорда - Сексеуіл, Бейнеу - Сексеуіл, Ұлғайсын - Сексеуіл бағыттарындағы жолдарды салу және реконструкциялау, сондай-ақ, Қызылорда, Сарыағаш және Рудный қалаларының айналма жолдарын салу жоспарланған.
"Алматы - Ыстықкөл жобасын іске асыру қазіргі жоспарлау кезеңінде басым емес жоба ретінде айқындалды", - деп хабарлады Көлік министрлігі.