Алматыдағы Неке сарайын жөндеу жұмыстары тоқтатылды

Алматыдағы Неке сарайын жөндеу жұмыстары тоқтатылды
2gis.kz

Алматыдағы танымал «Жас Отау» неке сарайын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылды. Сондай-ақ тарихи ғимараттың қайтадан Алматы әкімдігінің қарамағына өткендігі белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Бұған дейін «Жас Отау» неке сарайы Jar Jar Almaty ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген болатын. Алайда серіктестік сенімгерлік басқару шарты бойынша өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамағандықтан, басқарма аталған шартты бұзды. Қазіргі уақытта нысандағы жөндеу жұмыстары тоқтатылды», – деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін «Жас Отау» неке сарайы жеке компанияның сенімгерлік басқаруына 10 жыл мерзімге, сатып алу құқығынсыз берілген еді.

Айта кетейік, бұл ғимарат Алматы қаласының сәулет ескерткіштерінің қатарына жатады.