Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін Тимирязев пен Әуезов көшелері қиылысында Toyota жеңіл көлігі өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Toyota көлігі қатты зақымданды. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.