Алматыда жасырын полиция патрулі жол ережесін бұзған 500-ден астам жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, арнайы белгілері жоқ қызметтік көлік Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізушіні анықтаған.
Полицияның назарына BMW мен Toyota көліктерінің жүргізушілері іліккен. Олар жол бойында қауіпті маневр жасап, көлік ағындары арасында ретсіз ауысып, өзге жүргізушілерге апатты жағдай туғызған.
Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, олардың көліктері айып тұрағына қойылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, жасырын патрульдеу әдісі жол ережесін тек полиция көлігін көргенде ғана сақтайтын жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл енгізілгелі бері Алматы көшелерінде агрессивті көлік жүргізудің 500-ден астам дерегі тіркеліп, жолы кесілген.