Алматыда билбордқа бөлінген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билбордтарды пайдалану және қызмет көрсету үшін сауда-саттық өткізбей, жер учаскелерін жеке меншікке берген.
Жер учаскелері жер заңнамасы талаптарын бұза отырып сатылған.
Сот Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды.
"Жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.