Алматыда түнде SPA орталықта өрт шыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кешке 112 пультіне Медеу ауданындағы Самал-2 шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жеткен.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде екі қабатты жеке тұрған SPA орталықтың бірінші қабатындағы бу бөлмесінде өрт шыққаны анықталған. Екінші қабатта түтін байқалған. Өрт сөндіру бөлімшелері дереу өрт сөндіруге кіріскен.
"Ғимарат ішіндегі жоғары температура өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.