Алматыда Сайын көшесіндегі автобус жолағын алып тастау туралы петиция жарияланды

Алматыда Сайын көшесіндегі автобус жолағын алып тастау туралы петиция жарияланды
Фото: Письма Президенту

Алматы тұрғыны Сайын көшесіндегі қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты алып тастау туралы петиция жариялады. Бастама авторы бұл жолақтың көлік қозғалысын қиындатып, кептелісті күшейткенін алға тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Письма Президенту телеграм арнасының мәліметінше, петиция GosRating.com платформасында жарияланған. Бастама авторы өз ұсынысын бірнеше дәйекті уәжбен негіздеп, арнайы жолақтың қазіргі жағдайда тиімділігін қайта қарауды ұсынған.

Бұл бастаманы Сайын көшесімен күн сайын қатынайтын жүргізушілердің бір бөлігі де қолдап отыр. Олардың пікірінше, арнайы жолақтың енгізілуі көлік ағынына қосымша қиындық туғызып, кептелістің артуына әсер еткен.