Алматыда Бостандық ауданындағы психиатриялық орталықтан қашып кеткен екі адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, іздестіріліп жатқан адамдар – Нелли Шахрай мен Денис Антипин. Олар орталықтан әртүрлі уақытта қашқан.
Қазіргі уақытта полиция екі дерек бойынша да жедел іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды аталған азаматтарға ұқсайтын адамдарды көрген жағдайда оларға жақындамай, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырды.