ТЖМ құтқарушылары Алматыдағы дәмханада шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін таңертең 112-ге Алатау ауданындағы Емцов көшесінде орналасқан дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен.
"Алғашқы күштер мен құралдар жеткен кезде екі қабатты дәмхананың екінші қабатында бар сөресі мен жиһаз жанғаны анықталды. Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді", - деді ТЖМ өкілдері.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.