Алматы тұрғындарын жер дүмпуі оятты

Алматы тұрғындарын жер дүмпуі оятты
ашық дереккөз

Бүгін алматылықтар таңға жуық уақытта жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметіне сәйкес, 28 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 06:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелді. Алматы қаласы ТЖД-ның «112» және «101» нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар түскен жоқ.

Алматы қаласында жер сілкінісі сезілген жоқ.

Алайда алматылықтар әлеуметтік желіде жер сілкінісін және гүрілдің даусын естігенін жазды.