2007 және 2008 жылы туған екі турист қыз Сәтбаев шыңына көтерілгеннен кейін белгіленген уақытта қайтып келмей, байланысқа шықпаған. Олардың жоғалғаны туралы хабар 7 шілдеге қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігіне түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Осыдан кейін құтқарушылар Үлкен Алматы көлі маңына барып, таулы бағытта іздестіру жұмыстарын бастады.
Нәтижесінде қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктіктегі кемпинг аумағынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін аман-есен жеткізді.