"Almaty Resort" шипажайы жазғы маусымды ашық деп жариялады

Көркем Алдабергенова 10 мау. 2024 15:38 3056

"Almaty Resort" шипажайы жазғы маусымды ашық деп жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Almaty Resort" шипажайы - заманауи көпбейінді санаторлық-курорттық кешен. Шипажайда жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетіліп қана қоймай, сонымен қатар,  еуропалық стандарттарға сай жасалған жайлы бөлмелерде тамаша демалу мүмкіндігі бар.

"Almaty Resort" шипажайы директорының емдеу-оңалту жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаеваның сөзінше,шипажайда медициналық блогы заманауи құрылғылармен жабдықталып, физиотерапия бағыты жоғарғы сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта еңбек етіп келе жатқан Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайында директордың емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істегеніме 6 жылдан астам уақыт болды. Осы ретте, шипажайдағы физиотерапия бағытын ерекше атап өткеніміз жөн. Физиотерапия процедурасы көптеген ауруды емдеу үшін қолданылатынын көпшілік жақсы біледі. Санаторийдегі физиотерапия кешенді емдеу, ағзаны қалпына келтіруді жеделдету, көптеген дерттің алдын алу, көңіл-күйді жақсарту мақсатында кеңінен қолданылады.

Мысалы, СМТ терапиясы (синусоидалы модуляцияланған ток), құрғақ гидромассаж, Каракалла ванналары, спа-капсуласы, механотерапия (осы терапияның арқасында бұлшықет, буын ауруларын емделеді, сонымен қатар науқастың физикалық жай-күйі жақсарады) және жалпы массаж сияқты түрлері сұранысқа ие. Санаторийдің медициналық блогы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, мұнда ағзадағы әртүрлі патологиялардың даму қаупін анықтау үшін «Медсканер БИОРС» аппараты қолданылады. Бұл құрылғыдағы Velness (денсаулық) бағдарламалық кешенінің көмегімен 10 түрлі диагностикадан өтуге болады, – деді Салтанат Бейсембаева.

Шипажай әлемдік стандарттарға сай ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алматыдан 3 шақырым жерде орналасқан курортта серуендеуге арналған денсаулық жолдары мен алуан түрлі ағаш өсетін тамаша орман алқабы бар.

Курорттың басқа шипажайлардан артықшылығы неде? 

  • Меншік минералды су ұңғымасы
  • Криосауна секілді бірегей медициналық ем-шаралар
  • Спорттық сауықтыру кешені
  • Алдыңғы қатарлы медициналық құрал-жабдықтар
  • Төрт реттік тамақтандыру
  • Жайлы нөмірлер
  • 5-жұлдызды шипажай
  • Заманауи медициналық блок

Курортты салуға арналған жер де бекер таңдалмаған: санаторийді салу үшін теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінен, экологиялық таза ауданнан тамаша жер таңдалды. Бұл жердің климаты континенттік, температурасы ерекше, жазда бір-екі градусқа төмен және қыста бір-екі градусқа жылырақ.

Оттегінің атмосфералық және парциалдық қысымы теңіз деңгейіне қарағанда төмен. Таза ауа, ультракүлгін сәуле, қоршаған өсімдіктердің құрамындағы хош иісті заттар мен фитонцидтер осы аймақтың климаттық факторларын демалушыларды кешенді емдеу кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

2012 жылы Санаторийге 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі берілді.

2017 жылы "Оқжетпес" санаторийлер желісіне кіріп, филиал болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар