Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен
ЖИ: Dalanews.kz

Алматы облысының Боралдай кентінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 20 шілде күні сағат 16:03 шамасында Абылай хан көшесінде болған. Мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Оқиғадан кейін жүргізуші зардап шеккен әйелге көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жүргізушінің жеке басын анықтап, оны заң аясында жауапкершілікке тартуды және аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді сұрап отыр.

Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ.