Алматы облысында құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТЖД мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданында Бәйдібек би ауылы маңындағы таулы жерде, мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп жанған.
"Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедеріне байланысты күрделенді. Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы, әскери бөлім және жергілікті атқарушы органдардан шамамен 110 адам мен 21 техника, сондай-ақ, ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.