Алматы облысында қону кезінде ұшаққа зақым келген

Алматы облысында қону кезінде ұшаққа зақым келген
видео кадры

Әлеуметтік желіде Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймаққа қону кезінде зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады. Кадрларда әуе кемесі таулы жердегі ағаштардың арасында тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Талдыбұлақ ауылы маңында болған.

Көлік министрлігі бұл жағдайды растады. Ведомство мәліметінше, Ан-2 ұшағына қатысты оқиға адам шығыны жоқ авиациялық апат ретінде тіркелген.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу басталды. Министрлік жанындағы тергеу департаментінің мамандары оқиға орнына жіберілген. Олар апаттың мән-жайын анықтайды.