Алматы облысында көлік тротуарға шығып, төрт жасөспірімді қағып кеткен

Алматы облысында көлік тротуарға шығып, төрт жасөспірімді қағып кеткен
"Криминальный Казахстан" арнасынан

Алматы облысы Көксай ауылында көлік жүргізушісі кептелісті айналып өтпек болып, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Содан кейін көлік тротуарға шығып, төрт жасөспірімді қағып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол апатынан екі жасөспірім жеңіл жарақат алған.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам мас болған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.