Алматылық бүлдіршіндер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Жарбол Кентұлы 04 мау. 2024 18:45 2523

Алматы қаласы №37 бөбекжай-балабақшасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.

Шара барысында балдырғандарға арнап тәрбие сағаты ұйымдастырлды. Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы жайында тарихи деректер көрсетіліп, кішкентайлар әнұранды хормен шырқады.

Мерекені ерекше атап өтудің басты мақсаты – жас ұрпақтың Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ту, елтаңба, әнұран туралы түсініктерін қалыптастыру, бүлдіршіндерді патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар