Freedom Inside '26

Алматыдан 277 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 277 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
pixabay
Бүгін, 27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 277 шақырым қашықтықтан жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Dalanews.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 07:34 минутта жер сілкінісін тіркеді.

  • Жер сілкінісінің ошағы Қытайдан 277 шақырым жерде орналасқан. Алматының оңтүстік-шығысында.
  • Магнитудасы - 4,4.
  • Энергетикалық класы - K=10,2.

Алматылықтар жер сілкінісін сезбеді.