Карантинге алынған үйлердің подъезі мына мекен-жайларда орналасқан:
Зерделі, 43;
Зерделі, 64;
Зерделі, 130;
Зерделi, 34;
Зерделі, 61/160.
Бұған дейін осы ықшамауданның бір тұрғын 34-үйдің подвалында "City Bar" дәмханасы күн сайын таңғы 4-5-ке дейін еш алаңсыз жұмыс істеп жатқанын айтқан. Төтенше жағдай мен карантинге де қарамастан.
Осы кафеден удай мас болып адамдардың шығып келе жатқанын, төбелескендерін, айқай-шуын түсірген фото мен видеолар жеткілікті. Оның үстіне мұннан шыққан бетте мастар балаларға арналған ойын алаңына кіші дәрет сындырған жайттар да болған, - деді ол.
Алматыда коронавирус инфекциясы ошақтарының саны 101-ге жетті. Зерделі ықшам ауданы орналасқан Алатау аймағында 15 індет ошағы анықталды.