Алматыдағы күзетшінің жантүршігерлік өлімі: Куәгерлер күдікті туралы жаңа деректерді бөлісті

Қаракөз Амантай 29 нау. 2024 16:59 3535

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде күзетшіні айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы оқиға куәгерлері мен ҚСК қызметкерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елді дүрліктірген қылмысқа "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болған. Олар күзетші мен ер адам арасында болған жанжалға байланысты түсініктеме берді.

"Ол ашуға булыққанда, ата-анасы үнемі халықтан көмек сұрайтын. Ішіп алған кезінде оны тыныштандыруға тырысатын және шлагбаумнан өткізбейтін. Бұл жолы ол мас күйінде көлік жүргізгісі келеді. Бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны ішке кіргізбеуге тырысады. Бірақ ол бәрібір өтіп кетеді. Нұрбол соңынан еріп, оның қайда беттегініне қарайды. Ол кері қайтқан кезінде көлік қайта келеді. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, көліктегі ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырқтай бастайды. Сосын басынан бөтелкемен ұрып, үстіне секірген", - деп хабарлады "Меркурий Тауерс" тұрғын үй кешені Tengrinews.kz тілшісіне.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрып келген. Сонымен қатар олар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады.

"Осыдан екі-үш ай бұрын ол диспетчерді де ұрып-соққан болатын. Ол - нашақор. Бірнеше рет полицияға да хабарластық. Есірткі қабылдаған кезде үйсіз-күйсіз жүрген адамдарды осы жаққа сүйрей бастайды. Біз сәйкесінше бөтен адамдарды аумаққа кіргізбейміз. Ал ол осы сәтте есіктерді бұзып, лифтті тепкілей бастайды. Диспетчер ескерту жасап, ата-анасына хабарласқан кезде, 55 жастағы әйелдің шашынан сүйреген. Содан соң көмекке келген күзетшіні тұншықтырады. Күзетші бұл оқиғадан кейін жұмыстан шығып кетті. Біз құқық қорғау органдарына арыз жаздық. Бірақ олардан бірде-бір жауап алған жоқпыз", - деп хабарлады тұрғын үй кешенінің тұрғындары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар