Алматыдағы Кар сити кешенінде бірнеше адам жаппай ұсталды

Сағыныш Сардарова 13 там. 2025 13:44

Алматыдағы Кар сити кешенінде бірнеше адам жаппай ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рейд барысында рұқсат етілмеген сауда жасау, азаматтарға тиісіп мазасын алу, жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету станцияларында темекі шегу, қоқыс пен көлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау деректері анықталған. 

38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полицияға 39 адам жеткізілген, олардың арасында төртеуі - шетел азаматтары. Сондай-ақ, ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар.

Көлікті рұқсат етілмеген жерлерге қойып кеткені үшін 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 9 көлік айыппұл тұрағына қойылған.

"Алматы полициясы көшелерде, халық көп жиналатын жерлерде және аудандарда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін күн сайын шара қабылдайды. Кез келген құқықбұзушылыққа жол берілмейді, ал кінәлілер жауапқа тартылады", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар