Алматыда вокзал маңында пышақ ұстап жүрген ер адам елдің есін шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы "Алматы-1" теміржол станциясы аумағында суицидке әрекет жасаған ер адамды құтқарып қалды. Оқиға туралы хабар жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азаматтан түскен.
"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, күйзеліс салдарынан өз-өзін ұстауға қабілетсіз азаматты анықтады. Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді және айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - деп жазылған хабарламада.
Кейін ол медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.
