Шараның басты мақсаты – көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету. Фестивальда көшпенділердің жауынгерлік ойындары, саятшылығы, ат баптауы, тағамдары, қолөнері т.б көптеген тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі.
Шараға жиналған халық түрлі сайыстарды тамашалап, қызықты шеберлік сабақтарға қатысып, көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды.

«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалінде 50-ге жуық киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар құрылды.
Этно ауылда түйе бау, бие бау, тас диірмен тарту, келі түюдің қыр сырын білуге болады.
Ал ат ойындары аймағында көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асауға құрық салу, асауды үйретіп міну өнерін тамашалайсыздар.
Садақшылар мен найзашылар аймағында садақшылар сайысы, найза шаншу, садақ атуды үйренуге болады.

Сонымен өқатар жастар аймағында алтыбақан, қыз бен жігіт айтысы, қолкүрес, арқан тартыс, ұлттық ойындар, атқа мініп серуендеуге болады.
Балалар аймағында балалар киіз үйлері, логиканы дамытатын ойын алаңқайы, ұлттық ойындар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу;
Құсбегілер мен саятшылар аймағында мұражай жұмыс жасайды, бүркіт, ителгі, қаршыға ұшыру, құмай-тазыны аңға салудың құпиясымен таныса аласыз.

Сахна және шоу-көріністер аймағы:
а) Саятшылардың шоу бағдарламалары;
ә) Әртүрлі мемлекеттердің жауынгерлік ойындар көрсетілімі;
б) Шетелдік және Қазақтандық этнотоптар концерті (Ұлытау, ХасСақ)

Фестиваль 2-3 қыркүйек күндері сағат 10.00-18.00 аралығында өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» сақ қорғандары. Тұрғындарды фестиваль аймағына жеткізу жағы қарастырылған.
1.Орталық стадион
- Н.Сац атындағы театр Шаляпин- 22 (Алтынсарин даңғылы жағынан)
- "Алатау" дәстүрлі өнер театры (Момышұлы көшесі жағынан)
- Алматы-1 темір жолы (Автотұрақ)
Фестивальға кіру тегін.
Байланыс телефоны: +7 707 730 61 68